Штаб құрылды
«Нұр Отан» партиясының Арқалық қалалық филиалында 26 сәуір – ҚР Президент сайлауы күніне орай партияның сайлауалды штабы құрылды. Бұл жөнінде қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н. Хамзин мәлімдеді.
Құрамында 11 адам бар штаб 26 наурыздан бастап, бір ай мерзімінде жұмыс істейді. Штабтың негізгі мақсаты «Нұр Отан» партиясының ұсынған кандидатын қолдау, үгіттеу, насихаттау. Дауыс беруге елді ұйымдастырып, шақыру. Сонымен қатар, қалалық штабта халықтың мұң-мұқтажын жоғары жаққа жеткізіп отыру үшін қоғамдық қабылдау бөлмесі қызмет көрсетеді.
Арқалық қаласы.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суретті түсірген автор.