Сауда сөрелерінде – отандық өнім

Елбасының мұрындық болуымен "Қазақстанда жасалған" акциясы басталғаны белгілі. Бұл акцияның мақсаты отандық тауар өндірушілерге қолдау білдіріп, кәсіпкерліктің өркендеуіне жол ашу. Қазіргі уақытта Қостанай қаласындағы бірқатар сауда орталықтарында "Қазақстанда жасалған" деген жазуы бар сөрелер пайда болды. Облысқа қарасты Федоров ауданы да жергілікті тауар өндірушілерді насихаттауға кірісіп кетті.каз тауар
"Нұр Отан" партиясының Федоров аудандық филиалы "Мықты бизнес – қуатты мемлекет" жобасы аясында жергілікті кәсіпкерлерге тиесілі нысандарды аралап, отандық тауарларды насихаттады. Ауданда азық-түлік өндірумен айналысатын нысандар жеткілікті. Қазіргі уақытта екі диірмен, үш май зауыты, екі сүт фермасы, жартылай өнімдер дайындайтын цех жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар аудандағы азық-түлік дүкендерінің  сөрелерінде "Қазақстанда жасалған" деген плакат ілулі тұр. Яғни ол жерден жергілікті тауар өндірушілер ұсынған өнімдерді сатып алуға болады.
– Әрқашан отандық өнімдерді сатып аламын. Себебі, біздің кәсіпкерлердің ұсынатын тауарлардың құрамында артық қоспа жоқ, экологиялық таза, сапасы жоғары. Әсіресе, "Баян сұлу" фабрикасының конфеттері керемет, дәмі тіл үйіреді. Жергілікті тауарлардан сүт, ет, макарон өнімдері мен сұйық май аламын, – деді аудан тұрғыны Татьяна Фаст.
"Қазақстанда жасалған" республикалық акциясы кәсіпкерлердің бизнесін дамытуға серпін берері анық. Себебі акция бойынша өзіміздің жерімізде өндірілетін әр алуан тауарлар көпшілікке насихатталып жатыр. Осындай қомақты жұмыстың нәтижесінде қазақстандық өнімге ішкі сұраныстың арта түсері белгілі.
– Біз аудандағы кәсіпкерлермен кездестік, тұрғындарға отандық өнім туралы ақпарат тараттық.  Мұндағы  сауда  сөрелерінде орналасқан тауарлардың елу пайызы өзіміздің жерімізде жасалады. Бұл дегеніміз тамаша көрсеткіш. Әр азамат Қазақстанда дайындалған азық-түлікті сатып алып, отандық бизнестің дамуына үлес қосар еді, – деді "Нұр Отан" партиясының  Федоров аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Евгения Жданова.
 
Қымбат Досжанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓