Отыз үздік таңдауымыз!

бата  1Қош келіпсіз, Әз-Наурыз,
Қош келіпсіз, Әз-Наурыз!
Жарық күнді,
Шаттық үнді
Хош көріпсіз, Әз-Наурыз!
Шуақ төгіп, күн шығыпты,
Тал, терекке бүр шығыпты.
Дүбірлеген тіршілікті
Дос көріпсіз, Әз-Наурыз!
Тоқшылықты, молшылықты
Ескеріпсіз, Әз-Наурыз!
Ұлысымыз оң болғай-ды.
Ақ мол болғай,
Айранымыз, қаймағымыз!
Шұбат, қымыз, балдай уыз!
Жер түрленіп, бау гүлденіп,
Жайнай түссін жан-жағымыз!
Ел-халқымыз аман болғай,
Аман болғай аймағымыз!
Ұлдар өссін нар тұлғалы,
Болатындай айбарымыз.
Қыздар өссін күн келбетті,
Әдепті де жайдары жүз.
Елім өсіп, өркендей бер,
Сұңқардай боп самғауымыз,
Орындалғай ойдағымыз.
Әлемдегі ең дамыған
Отыз үздік таңдауымыз!
 
Сұлтанбек БАЙДРАХМАНОВ, зейнеткер.
Қостанай ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓