Бағдарлама жемісін беруде

Облыс әкімі Архимед Мухамбетовтың жетекшілік етуімен  кезекті аппарат мәжілісі болып өтті. Онда «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салалық малшаруашылығы бағдарламасының қай деңгейде жүзеге асырылып жатқандығы жөнінде  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының  жетекшісі Б. Мурзин баяндама жасады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының  жетекшісі Б. Мурзиннің айтуынша,  мемлекеттік қаржы институттарының көмегімен  соңғы бес жыл ішінде  жалпы құны 34,1 млрд. теңгенің құны болатын 61 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. 2000 жаңа жұмыс орны ашылды.  6 мың бас  сүтті сиырға арналған 13 сүт-тауарлы ферма,  27 қара мал бордақылайтын алаң, ет және жұмыртқа бағытындағы 6 құс фабрикасы пайдаланылуға берілді. 

мал

«Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облысымызда  18,9 мың  қара  мал сатып алынды, бұл бағытқа  3,9 млрд. инвестициялық қаржы құйылды.  Осы цифрларды жылдарға шақсақ, мәселен,  өткен жылы  облысымыздағы сексен  сегіз шаруашылық 1 млрд. теңгеге  5039 бас мал сатып алды.  Ал, үстіміздегі жылы  жоспардағы   бес мың бас малдың орнына  үш мың  мал басы сатып алынды. Қазіргі таңда қаржылық институттарда  2391  мал басын сатып алу үшін  он алты өтініш жатыр.  Осы бағдарлама өңірдегі Науырзым, Федоров, Қарабалық, Аманкелді, Таран, Қарасу, Әулиекөл аудандарында  біршама табысты  жүзеге асырылды. Тоғыз ай ішінде Жітіқара ауданының шаруашылықтары  бірде-бір  мал басын сатып алған жоқ. Бағдарламаны орындау көрсеткіштері Арқалық қаласында(14%), Қостанай ауданында(8%), Ұзынкөл(31%), Сарыкөл, Қамысты, Алтынсарин аудандарында  төмен. «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  ауылшаруашылығын өндірушілер біршама қиындықтар мен проблемаға жолықты. Атап айтқанда,  шаруа  мен фермер қожалықтарын  тек қана  «Аграрлық несие корпорациясы»АҚ несиелендіреді. Ал, 2011-2014 жылдары  осы корпорциясымен қатар «Қаржылық қолдау қоры»АҚ бірге жұмыс істеген-ді.  Осы қор арқылы 6536  мал басы сатып алынған еді. Және де  займның  ең төмен  мөлшерлемесі 1 млн. теңгені құраған болса,  «Аграрлық несие корпорациясы»АҚ бастапқы несиені  8,5 млн. теңгеге дейін ұлғайтты,  ал, бұл несие көптеген ұсақ шаруа қожалықтары мен фермер шаруашылықтары үшін  үлкен  кедергі. Бірнеше рет Ауылшаруашылығы министрлігіне, «ҚазАгроға» өтініш жасағаннан кейін ғана «Сыбағаға» берілетін займның  бастапқы мөлшерлемесі төмендеді. Нәтижесінде,  тапсырма дер кезінде орындалмай қалды.  Екіншісі, ол қаржылық қиындықтар.  Сонымен бірге обьективті  себептер де жоқ емес. Мысалы, жергілікті органдар тарапынан бағдарламаны  жүзеге асыру барысын қадағалауда кемішін тұстар  бар, әлеуетті  заемщиктер үшін   оңтайлы жағдайлар жасалған жоқ. Қазіргі кезде түскен 26 өтініштің 16-ы қаржыландыруға мақұлданылып отыр, 2 өтініш  қарастырылуда.
«Алтын асық» бағдарламасы аясында облыста жоспар бойынша  10 мың қой сатып алынады деп есептелінгенімен, нақты түрде 3575 қой сатып алынды. 

Малды иелеріне қайтарды

Тапсырманы Денисов ауданы орындады.  Берілген  тапсырманы   толықтай  Әулиекөл(12%), Қарасу(25%), Ұзынкөл, Қамысты аудандары орындаған жоқ. Сонымен бірге Алтынсарин, Әулиекөл,  Қарабалық, Меңдіқара, Таран  аудандары шаруашылықтарынан бірде-бір өтініш түскен жоқ. Жітіқара,  Қостанай, Наурызым, Федоров, аудандары мен Арқалық қаласы ауыл шаруашылықтары  бір мал басын сатып алған  жоқ. «Құлан» бағдарламасы бойынша өңірімізде  2217 жылқы сатып алынды. Ал, енді «Ырыс» бағдарламасы шеңберінде  сүт-тауарлы фермасын дамыту үшін 500 қара  мал сатып алынады деп жоспарланған-ды.  Тапсырма бойынша Алтынсарин, Әулиекөл, Жітіқара, Қостанай, Сарыкөл, Федоров аудандары әкімшіліктерімен келісілгенімен,  бар-жоғы бір ғана  жоба Алтынсарин ауданындағы  «Ахметов» шаруа қожалығы   қаржыландырылды. Басқа аудандар  әлі  тапсырманы орындауға кіріскен жоқ.
      Жоғарыдағы айтылған бағдарламаларды жүзеге асыру үшін  жайлымдарды суландыру инфрақұрылымын  дамыту керек, ал, ол үшін ұңғыма  қажет. Ағымдағы жылы  мал жайылымын суландыру үшін 30  ұңғыманың құрылысы салынады делінген-ді. Есепті кезеңде 21 ұңғыма іске қосылды. Кейбір аудандарда ұңғымалар қазылған жоқ немесе тапсырмалар жартылай орындалды.
     Облыс әкімі  ауылшаруашылығы басқармасы жетекшісін тыңдай келе  мәселен,  бағдарламаны орындауға тапсырма берілмес бұрын  ең алдымен  жан-жақты  талдау жасалынуы керек, сол шаруашылықтың, я ауданнның мал шаруашылығына қатысты  тапсырманы  орындауға қаржылық жағдайы бар ма, бар болса бірнешеу емес қайта бар мүмкіндікті жиып келіп  бір-екі   жобаны жүзеге асыру  тиімді  емес пе   және де жоғарыдағы бағдарламаны орындамаған аудандар бүгінгі  мәжілістің хаттамасына  енгізілсін деді.  
 
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓