Маусымжабар мерекесі
Бүгін Заречныйдағы "Арғымақ" атшабарында Ұлттық ат спорты ойындарының маусымжабары өтті. Додаға облыс аудандарымен қоса Нұр-сұлтан, Көкшетау, Петропавл, тіпті көршілес Ресей Федерациясының шабандоздары келді. Қыз қуу мен теңге ілу, аударыспақ, тай жарыс, құнан бəйге, аламан жарыста кіл мықты бақ сынады. Жарыстың ашылу салтанатында облыс əкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов сөз сөйлеп, соңғы жылдары өңірде ұлттық ат спортына айрықша мəн беріліп жатқанын айтты. Бүгінде облыста 1000-нан астам адам ат спортымен тұрақты айналысады деді ол. 16 шақырымдық аламан бəйгеде қостанайлық Ғани Қыпшақбаев баптаған сəйгүлік мəреге бірінші боп жетіп, қанжығасына су жаңа автокөлік байлады.