«ҰЛТТЫҚ ОРМАН ОТЫРҒЫЗУ КҮНІ» БАСТАЛДЫ

Қостанайда «Ұлттық орман отырғызу күні» шарасы қарсаңында көгалдандыру және ағаш отырғызу жұмыстары басталып кетті. Қыркүйек айының соңында тұсауын кескен бастама бір ай бойы өтеді.  «Орнықты даму» Жер Қоры» қоғамдық ұйымының мәлімдеуінше, еріктілер «Ұлттық орман отырғызу күнінде» 14 өңірде 1 миллионға жуық жасыл желек отырғызатын болады.

DSC04845

Ағаш отырғызу шарасы Қазақстанның климаттық жағдайлары әртүрлі аймақтарда іске асырылады, сондықтан жергілікті орман шаруашылығы саласының өкілдері іс-шара өткізілетін нақты күнді көрсетті. Мысалы солтүстікте акция 19-қыркүйек күні, ал, оңтүстік өңірде сәл кешірек жүргізіледі.
«Біздің акциямыз Қазақстанның 14 облысында өтеді. Бір мыңнан астам ерікті азамат миллионға жуық көшет отырғызады. Ағаш отырғызу жұмыстарына атсалысу үшін әр облыстағы «Тұрақты даму» жер қорына хабарласу керек, ол жерден ағаш отырғызылатын аймақтар туралы нақты мәлімет алуға болады»,-деді Қордың баспасөз қызметінің жетекшісі Сара Бейсен.
EXPO-2017 халықаралық көрме аясында қолға алынып отырған бастамаға әрбір қазақстандық атсалысуы тиіс. Оған көптеген экологиялық ұйымдар мен қозғалыстар мұрындық болады.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓