Мәңгілік Қазақ ел болдық

33Құтты болсын әлемге,
Ұлттық наурыз мейрамы.
Көрсек те қанша қиындық,
Азаттыққа сыйындық.
Алла қолдап алашты,
Тәуелсіз Қазақ ел болдық.
Әлемдегі ірі елмен,
Жас та болсақ тең болдық.
Кезінде кеңес тарылып,
Барымыздан кем болдық.
Игере алмай байлықты,
Қазақ елі жем болдық.
Болсақ та қанша шектеулі,
Қанағат қылдық, талмадық.
Мақсат қойып алдыға,
Тәуелсіздікті жалғадық.
Ту астына топтасып,
Бірлігі берік, көп ұлтты.
Мәңгілік Қазақ ел болдық,
Шүкір дейміз Аллаға.
Қабыл ал, Алла тілекті,
Қуантып мәңгі жүректі.
 
          Монтай АХМЕТШЕҰЛЫ,
                        еңбек ардагері.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓