Сарыкөлде салтанат құрған Наурыз тойы
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын сарыкөлдіктер де нақышына келтіре атап өтті. Орталықта орналасқан киіз үйлер мен ұйымдастырылған ауқымды мәдени-спорттық шаралар мерекенің сәнін кіргізді.





-Биылғы мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қостанай облысының 80 жылдығы қарсаңында тойланып жатыр. Яғни, Жаңа жылымыз жағымды жаңалықтарға толы деген сөз. Баршаңызды осынау Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,– деді өз сөзінде өңір басшысы.
Сондай-ақ, әр ұлттың өкілдері де сарыкөлдік жамағатқа жүрекжарды лебіздерін жолдады.
Әсіресе, алаңға ағылған ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер төс қағыстыра амандасып, бірін-бірі мерекемен құттықтап жатты. Ал, жастар жағы алтыбақан аясында арқа-жарқа болысты.


Бәрінен де бұл күн ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Қазақтың салт-дәстүрі көрсетіліп, әні мен билері орындалып, домбыра шанағынан күйлер төгілді. Ұлттық ойындар да ұлықталды.

Айтпақшы, мереке өткен маңда қызылды-жасылды жалаулар желбіреп, сөрелерде кәуаптар мен түрлі тәттілер самсап тұрды.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
Тақырыптың басына "САЛТАНАТ" деп жазсаңыздар, қате кетіп қалыпты
Шалқар, рахмет! Түзетілді