Автонесиеге сұраныс артты
Ресей рублінің құлдырауы қазақстандықтар үшін қолайлы болды. Соңғы екі айда отандастарымыз көршілес елдің авто көліктерін жаппай сатып алуда. Осыдан өз еліміздің темір тлұпарларына деген сұраныс төмендеп кетті. Отандық авто өндіріске қолдау мақсатында мемлекет 20 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлді.
Бұл қаржы екінші деңгейлі бантер мен лизингтік компанияларға үйлестіріліп берілмек. Сөйтіп қазақстандықтар үшін отандық темір тұлпарларды төмен пайыздық мөлшерлемемен сатып алуға мүмкіндік туды.

Сәуір айынан бастап екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғалар үшін авто несиенің сыйақысы 6%, ал заңды тұлғаларға берілетін лизингтік компаниялар 4 % көлемінде мөшлерлеме белгіленбек. Банктердің қосымша комиссиялары мен қызметтеріне алынатын ақыны қосқанда сыйақы көлемі 7,5 % жетеді, бірақ одан аспауы міндетті.
Соңғы күндері Қостанай қаласындағы авто көлік салондарына келіп кеңес алушылар саны артқан. Олардың дені Қазақстанда жасалған темір тұлпарларды сатып алуға бет бұрғандар. Кеңес берушілер отандық авто шығарушылар тұтынушы сұранысын толықтай қанағаттандыруға дайынбыз дейді. Ресейден әкелінген ұсталған машинадан гөрі, шетелдіктерден еш кем түспейтін, қазақстандық жаңа көліктерді сатып алу әлде қайда тиімді болмақ.
Махаббат Бекбай