БОЛАШАҒЫ БАЯНДЫ – “БАЯН СҰЛУ”
Қостанайда жаңа кондитерлік цех іске қосылмақ. "Баян Сұлу" кондитерлік фабрикасы отыз жылдан бері қаңырап бос тұрған нан зауытының ғимаратын сатып алды. Жаңа нысанды пайдалануға берудің алғашқы кезеңіне 13 млрд теңге қажет. Оның үштен бірін компания өз қалтасынан төлеуге дайын. Қалғанын қарыз есебінен толықтыру көзделген. "Баян Сұлу" АҚ Бас директоры Тимур Садықов облыс әкімінен қосымша қаржы ақша табуға көмектесуін өтінді. Бұған "Тобыл" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының әлеуеті жетеді. Өңір басшысы ӘКК басшылығына осы жобаға қатысу мүмкіндігін қарастыруды және жақын арада қабылданған шешім туралы хабарлауды тапсырды.

Әлібек ЫБЫРАЙ.