Қауіпті аймақ

Қаланың Қайырбеков көшесінің бір тұсын осылайша атауға тұра келіп тұр. Өйткені бұл жерде жол көлік апаты жиі болады. Темір тұлпарлар бір бірімен соқтығысып қана қоймай, жаяу жүргінші жолағында бір талай адамды басып кетті. Жаз шыға күн демей, түн демей бұл жерден жол полициясы мен жедел жәрдем қызметкерлерін жиі көресін. коше_2.jpeg2
Авто көлік жүргізушілерін тәртіпке салмақ болып кқше бойында жол полициясы қызметкері кезекшілік құрады. Жылдамдықты асырып жүйткіген, жаяу азаматтарды жолақтан өткізбей заңды бұзғандарды құрықтап жатады. Бірақ әлі де жол көлік оқиғалары азаяр емес.коше.jpeg  3
11 наурызда,  түннің бір уағында жолдың келесі бетіне өтпек болған әйелді «Мерседес» авто көлігі қағып кетті. Бұл оқиғада жаяу жүргіншінің кінәсі зор екенін айта кеткен жөн. Көлік астына түскен 38 жасар әйел ішімдікке сылқия тойып алып, жолақтан тыс жерден өткен. Оның кесірінен 28 жасар көлік иесі жол көлік оқиғасына ұшырады. Азаматша дереу ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді.коше_1.jpeg 1
Жалпы жыл басынан бері қала бойынша 42 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 47 қостанайлық әр түрлі жарақаттар алған. Айбырой болғанда көз жұмған азаматтар жоқ. Жаяу адам немесе көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережесін сақтап, өзіне жүктелген міндет пен жауапкершілікті сезінсе, қайғылы оқиғалар бомас па еді.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

1 Response

  1. bagdaulet айтты:

    Костанай кошелерi тар. Сол себептi жол апаты коп болады

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓