Рудныйлық 173 адам еңбекақысыз қалған
Рудный қаласының 173 азаматы бірнеше айдан бері еңбекақыларын ала алмай жүр. «Агрогазстрой ПФ» ЖШС 10 наурызға дейінгі қарызы 14 262 837 теңгені құрайды.
Конституцияда айтылғандай әр азамат еңбектенуге және ол үшін ақы алуға құқылы. Құқық қорғау органдарының міндеті заңдылықтың және азаматар құқытарының сақталуын қадағалау болып табылады. Прокуратура тексерісі нәтижесінде кеншілер қаласындағы конституция талабына қайшы келетін әрекет жасаған жұмыс берушінің анықтады.
Рудный қаласының прокуратурасы аталмыш серіктестік басшылығына кемшіліктерді жойып, дереу еңбекақыны төлеуді талап етті. Осылайша 173 азаматтың бірнеше ай ала алмай жүрген қаржылары қолдарына тиді. Ал адамдар еңбегін тегін пайдаланбақ болған кәсіпкерге бұл оқиға сабақ болары хақ.
Махаббат Бекбай