Зейнеткердің үйін үптеп кетті
Таран ауданының Тобыл кентінде 63 жастағы зейнеткер әйел полицияға үйіне ұры түскенін айтып, арыз берді.
Ол қонақтан келсе үйінің есігін-дегі аспалы құлып ашық тұр екен. Белгісіз біреулер үйден бағалы заттар іздесе керек, бәрін аударып-төңкеріп тастапты. Ештеңе таппаған ұрылар төсеніш, перде, екі газ баллонын, екі аспашам, қазан, ыдыс-аяқ, кір жуатын машинаны және ескі магнитофонды алып кетіпті. Полиция қызметкерлері көп ұзамай күдіктіні анықтады. 33 жастағы жергілікті тұрғыннан ұрланған заттың бәрі тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-2 "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ОІІД баспасөз қызметінің материалдары бойынша әзірлеген
М.Қабдрахметова.