Оқу-жаттығу ойдағыдай өтті
Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Тобылөзені жанына орналасқан Красный кузнец көшесіндегі он шақты үйді су басу қаупітөніп тұр деген жедел хабар түсті. Шұғыл түрде жұмысқа кіріскен құтқару қызметіқауіпті аймаққа арнайы техникалар мен зардап шеккен адамдарға алғашқымедициналық қызмет көрсететін палаткалар тұрғызды. Бұл «Көктем-2015»республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуының кезекті сценарийі. Алдыменқұтқару қызметі шұғыл түрде қауіпті деген аймақта топыраққа толған қаптарменқорғаныc бөгетін жасап, техникалар қар шығарып, Тобыл өзенінің бойытазаланды. Осылайша төтенше жағдайлар қызметі көктем мезгілінде әбігергесалатын су тасқыны апатына дайындықтарын пысықтауда. Әдетте қардың мөлшердентыс жаууы тасқынға ұласып жатады. Сондықтан «сақтықта қорлық жоқ».
«Жаттығу ескертусіз болмайды. Мысалы,эвакуациялық пунктте жоспарланған адам санынан кереуеттер аз болды. Осындайкем-кетіктер кездесті», деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысыТ.Кәкімов.
Келесі күнгі оқу-жаттығу облыстық маңызыбар Мичурино-Константин жолы бойында өтті. Мұнда да 48 адам мен 20 техникажұмылдырылды.
Айта кету керек, мұндай шұғыл шаралареліміздің барлық аймағында өтуде. Осылайша 96 адам мен 33 арнаулы техникажұмылдырылған кезекті көктемге дайындық жұмыстары сәтті өтті.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ