Ильин – жыл үздігі

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының тұжырымы бойынша отандасымыз, екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин 2014 жылдың ең үздік ауыр атлетшісі деп танылды. DSC_7949_copyАл нәзік жандылар арасынан бұл атаққа ресейлік танымал спортшы қыз Татьяна Каширина ие болды. Еліміздің бағына туған Ильяның осы жетістігіне Алматыда өткен әлем чемпионатындағы жеңісі себеп болғаны рас. Қараша айында өткен бұл жарыста Ильин төрт дүркін әлем чемпионы атанды. Жұлқа көтеруде 190 келіні, серпе көтергенде 242 келіні бағындырып жаңа рекорд орнатқаны есімізде. Алтын ұлдың әлі де талай жетістіктерге ие болатынына сенеміз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓