Ыстық су үш аптаға ағытылады
Қостанайда мамыр айының 10-31 аралығында мағистралды жылу желілерін жоғарғы қысымды сынақтан өткізеді. Осыған байланысты ыстық су тоқтатылады. Бұл әуелі облыс орталығын жаз кезеңдерінде ыстық сумен қамтуда апатты жағдайлардың болмауы үшін керек. "ҚЖЭК" МКК мамандарының айтуынша, бұл тұрғындарға таңсық жайт болмауы тиіс, өйткені желілер жылына екі рет сынақтан өткізіліп тұрады. Олар белгіленген мерзімге дейін бұл маңызды шараны ойдағыша аяқтауға уәде етіп отыр.