Тізімдегі ең бай бес қазақстандық
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың танымал "Forbes" іскерлік журналы 2015 жылы наурыздағы мағлұматтар бойынша әлемнің ең бай адамдарының тізімін жасаған.
Рейтингке қазақстандықтардың ішінде бес азамат – Болат Өтемұратов, Әлижан Ибрагимов, Тимур мен Динара Құлыбаевтар, Владимир Ким кіріп отыр.
Ең бай қазақстандық деп ҚР Теннис федера-циясының президенті, кәсіпкер Болат Өтемұратов танылды. 57 жастағы кәсіпкердің байлығы шамамен 2,6 млрд. долларға тең. Былтыр оның қаражаты 2,2 млрд. долларға тең болатын. Жалпы тізімде Өтемұратов 714-орында тұр. Өтемұратовтың ең бірінші ірі жобасы – "АТФ Банк" компаниясы болды. Оны кәсіпкер Италияның "UniCredit" компаниясына сатып, мол табыс тапты. Кейін микронесиелер беретін "Kassa Nova" мен кәсіпкерлерге қызмет істейтін "ForteBank" банктерін ашты. Былтыр миллиардер "Самұрық-Қазына" қорынан Темірбанк және Альянсбанк банктарының белгілі көлемдегі акцияларын сатып алған болатын. Сонымен қатар Болат Өтемұратовтың иелі-гінде Қазақстанда және өзге де елдерде қонақүйлер желісі бар.
Қазақстандық миллиардерлердің екінші орнын әлемнің ең ірі өндірушілердің бірі ENRC компа-ниясының акционері жә- не "Еуразиялық банк" АҚ Әлижан Ибрагимов иеленді. Кен өндіру арқылы байыған кәсіпкердің бар байлығы 2,2 млрд. долларға бағаланған. 2014 жылы бұл көрсеткіш 1,7 млрд. доллар шамасында болды. Forbes тізімінің жалпы рейтингісінде ол 847-орында.
Ал Құлыбаевтар жан-ұясы 894-орынға жайғас-қан. Олардың әрқайсысында 2,1 млрд. доллардан бар. Былтыр олардың байлығы 1,8 млрд. долларға бағаланған болатын. Журнал олардың қызмет саласын банк ісі деп көрсеткен. Динара Құлыбаева Қазақстанның халық банкі компаниясының акционері екені белгілі. Тимур Құлыбаев болса, Қазақстанның мұ-най-газ секторында ірі ойыншылардың бірі. Ол Ресейдің ең ірі мұнай-газ компаниясы – "Газпромның" директорлар кеңесінің мүшесі, "KAZENERGY" қауымдастығының, Қазақстан кәсіпкерлер палатасының Президиум басшысы және Қазақстан бокс федерациясының президенті болып табылады.
Мыс магнаты Владимир Ким 1,8 млрд. доллармен көш соңын түйіндеді. Ол жалпы рейтингте 1054 орында тұр. Қазіргі уақытта В.Ким KAZ Minerals компаниясының (бұрынғы "Қазақмыс") мажоритарлы акционері.