Мейірбан болсын айналаң!

Ағарып атар таң да берсін,
Үпір-шүпір жан да берсін
Қора-қора мал да берсін,
Тіл үйірер бал да берсін,
Бақыт берсін, байлық берсін,
Не берсе де Алла берсін!
                      ***
Қолыңды, кәне, жай, балам,
Мейірбан болсын айналаң.
Қашық жүрсін қайғы-мұң,
Тұнық болсын айдының!
 
Аман болсын аумағың,
Мәуелі болсын бау-бағың!
Ақтан, балам, аққа жет,
Табанды бол, баққа жет!
Серікбай ОСПАНҰЛЫ.
 
бата 1
Өркендеудің өрін бер!
Әз Наурыз! Жаңа жылым.
Жаңа жылым –
                   Жаңа күнім!
Барша жұртты
             шаттандырып,
Шарықтаған көңіл бер.
Жан бітіріп табиғатқа
Тіршілікке шеру бер!
 
Су сіміріп, жер бусанып,
Қаулап өскен көгін бер.
Сай сылдырлап,
                   өзен тасып,
Аппақ айдын көлін бер!
Бетегесі белден болып,
Көк балауса көделері
Шабындығын шөбін бер!
Төскей толы төрт түлікке,
Қора толы төлін бер.
Алтындайын сары бидай,
Толқып өскен егін бер!
Емірентіп жердің төсін,
Астығын бер – өнім бер!
 
Елім өсіп, алға басып,
Өркендеудің өрін бер!
Үздік деген әлемдегі,
Отыз елдің ортасынан
Ойып тұрып орын бер!
 
Сұлтанбек
БАЙДРАХМАНОВ,
зейнеткер.
Қостанай ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓