Талап болса, мүгедектерге де жұмыс бар

Қостанай қалалық Жұмыспен қамту орталығы бағдарламаның үшінші бағыты бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға да көңіл бөлуді ұмытқан емес.

Үстіміздегі жылдың 25 сәуіріне дейінгі мәлімет бойынша айтар болсақ, орталыққа жұмыс іздеп 22 мүгедек жан жүгінген көрінеді. Соның ішінде 4 адам жиһаз жинақтаушы, кірпіш қалау-шы, тігінші, слесарь мамандықтары бойынша қайта даярлау курс-тарынан өтсе, 14 адам “Үміт-Надежда” қоғамдық бірлестігі, “Баймулдин” жеке кәсіпкерлігі, “Бауыржан и Н” ЖШС, “Перекресток” қоғамдық қоры, “Казроссерт” ЖШС сияқты т.б. кәсіпорындарға әлеуметтік жұмыс орындарына тартылған. Сонымен қатар, бір адам жастар тәжірибесімен Қостанай қалалық әкімдігінің ауылшаруашылығы бөліміне экономист мамандығы бойынша, ал 3 адам қалалық “Нұр Отан” партия-сына, “Ковраль” шаруа қожалығына, “Митрофанов” жеке кәсіпкерлігіне тұрақты жұмысқа орналасқан.

Қостанай қалалық жұмыспен қамту орталығындағылар аталған бағдарламаны халыққа кеңінен құлақтандыру мен үгіт-насихат жұмыстарын да жақсы жолға қойған десе де болады. Мәселен, биыл мүмкіндігі шектеулі жандар арасында екі рет бос жұмыс орын-дары жәрмеңкесін ұйымдастырып, оған 12 ұйымды шақырған болатын. Соның ішінде “Костанай Крафт М”, “Үміт-Надежда”, “Такси Гагарин”, “АгромашХолдинг”, “БК Стройпроп”, “Большевичка”, “Казроссерт” сияқты жеті ұйымның белсенділік танытқанын да айта кеткеніміз жөн.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓