Қыздың көркі бұрымында!

Байқауға қатысып, бақ сынаймын деген бұрымды арулар 54-28-42 нөміріне хабарласыңыздар.
«Ақмаңдайлым» қыз-келіншектерге арналған бетінде жарияланған «Бұрымды арулар» байқауының бүгінгі үміткері – Әлем Егізбай. Қостанай мемлекеттік университеті психология факультетінің 3 курс студенті.Изображение 2 320
– Мен шашымды төрт жастан бастап өсіріп келемін. Мектепте жүргенде анам мүлде шашымды қию­ға жол берген емес. Оқуға кетіп бара жатқанда да «Қалаға барғанда, шашыңды қиып тастама, бұрымды қиюға болмайды, бұрымда қасиет бар» деген еді. Бірақ, мен сияқ­ты шашы ұзын қыздардың дені қалаға келгенде қиып тастап жатады. Ал, мен өйте алмадым, әрі ұзын шаш өзіме ұнайды. Сондықтан, шашымның күтіміне де ерекше көңіл бөлемін. Жылына бір рет ұшын тегістеп тұрамын, бір жақсысы менің шашым тез өседі. Аптасына екі рет шаш күтіміне арналған маска жағамын, сосын өте қымбат сусабындарға әуес емеспін, керісінше құрамында табиғи қосындылар ы бар сусабындарды пайдалануға тырысамын, – дейді Әлем Егізбай. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓