Наурыз – бата

IMG_03444jpg
Құнан қойдың сорпасы,
Сары майдың тортасы.
Қыдыр дарып, бақ қонсын,
Думанды болсын ортасы.
 
Көлге біткен құрағым,
Жайқала түссін тұрағың.
Ырыздығың мол болып,
Сарқылмасын бұлағың!
 
Суықта ешкім тоңбасын,
Қыдыр болсын жолдасың.
Жолың болып әрқашан,
Құдайым сені оңдасын!
Әумин!
          Сәлім МЕҢДІБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓