Наурыз – бата

 
бата.jpeg 1Көңілің көктем,
Үнің өктем,
Көлің дария
Есімің жария болсын!
Тәй-тәй басқан сәбиің,
Данышпан дана
Қария болсын!
         Тынысың кең,
         Жүзің шат,
         Жүрісің ширақ,
         Өмірің шуақ,
         Белің берекелі,
         Әр күнің мерекелі болсын!
Керегең кең,
Өнегең өрісті,
Ағайын келісті,
Еңбегің жемісті болсын!
Бақ дарысын,
Құт қонсын!
Балапаның бақытты,
Елгезек те ұқыпты,
Жанып тұрған от болсын!
               Бата берген
Сәлім МЕҢДІБАЙ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓