Мереке мен берекенің бастауы

Көктемнің алғашқы айы Наурыз мерекелерге толы. Соның ішінде халықаралық әйелдер күні мен Ұлыстың ұлы күні жыл сайын республика көлемінде кеңінен аталып өтеді. Қос мерекеге дайындық шаралары туралы облыс әкімі Н.Садуақасовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. наурыз
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Лариса Сероустың айтуынша, 8 наурыз халықаралық әйелдер күнінде мемлекеттік саясаттың бір бағыты неке және отбасы құндылықтарын насихаттауға көңіл бөлінбек. Сонымен қатар қарттарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету, халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру жоспарланып отыр. Мереке қарсаңында мәдени кездесулер, байқаулар және әдеби-музыкалық композициялар, спектакль мен көрмелер ұйымдастырылады.
Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар 5 наурыздан басталмақ. Дәл осы күні өткен жылдың қорытындысы бойынша әр салада жетістікке жеткен нәзік жандылар облыс әкімінің қабылдауына қатысады. Мерекелік шара 6 наурызда еңбек ұжымдарында жалғаспақ. Ал 7 наурыз күні орыс драма театрының артистері комедия жанрында спектакль қоймақшы. Осылайша әйелдердің халықаралық күнінен арналған бағдарлама жалғаса береді.
Мемлекеттік мерекелердің ішінде шоқтығы биігі-әз-Наурыз. Ұлтымыздың ұлық мерекесі қазіргі уақытта қоғамдық келісім мен бірліктің, тыныштық пен түсіністіктің бастауына айналғандай. Себебі Наурыз мейрамын жаппай халық болып тойлау көрініс тауып отыр. Ұлыстың ұлы күнін атап өтуге еліміздегі түрлі этно-мәдени орталықтардың мүшелері белсене қатысады. Аталмыш мейрам Қостанайда 21-22 наруыз  аралығында аталып өтпек. Ұлыстың ұлы күніне жоспарланып отырған шаралар жеткілікті. Жылдағы дәстүр бойынша шаһар орталығында сахна құрылып, «Наурыз-думан» атты театрландырылған көрініс қойылады. Орталық алаңда киіз үйлер қалашығы оналаспақ. Қалашықта отыз киіз үй тігу жоспарлануда.наурыз 2
-Осы уақытқа дейін жергілікті газеттердің сайттарында арнайы сауалнама ұйымдастырып, көпшіліктің Наурыз мейрамын қалай қарсы алғысы келетіндерін анықтадық. Сауалнаманың қорытындысы бойынша, тұрғындардың басым көпшілігі ұлттық спорттық ойындарға қатысуды қалайды. Сондай-ақ киіз үйлер қалашығының жұмысын жоғары бағалады,-деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Лариса Сероус.    
Қымбат ДОСЖАНОВА
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓