Мысықтар шынымен сиқырлы жануар ма?
Қазақ халқы жануарларға ерекше талғаммен қараған халық қой. Талғампаздығы сол, кез келген малғұнды ошақ қасына жақындата бермеген. Ал мыңдаған жыл адамзатпен бірлесе өмір сүріп келе жатса да мысықты неліктен босағасынан аттатты екен?
Адам мен мысық екеуі 6 мың жыл бұрын танысқан екен. Бүгінде кейбір тарихшылар 9 мың жыл бұрынғы кішкентай мысықтардың сүйегі мен адам қаңқасы табылды деген деректерді жиі айтып жүр.
Мысыққа байланысты наным мен ырымдар бүгінгі күнге дейін біздің өмірімізден көрініс тап-қан. Мысалы, мысырлықтар мысық жануарын қастерлеп, оны бұл дүние мен о дүниені жалғастырушы деп қадір тұтқан. Мысықтың нендей қасиеттеріне бола қастерлеп, ай ханшайымы Бастетке балап, оған арнайы сарай салдырғанын кім білсін. Мысырлықтар фараондарының соңғы сапарында құрмет көрсеті-летіндей, киелі жануарларын да бальзамдап, арнайы саркофагтар-ға салып, құрметпен ана дүниеге шығарып салған екен. Ал жапондықтар мысықты өздерінше қастерлейді. Күншығыстықтар да мысықтардың құрметіне Манеки-Неко храмын салдырған. Мәселен тасбақа түстес мысықтың мүсіні ақша шақырады деген ниетпен баспанасының көрнекі жеріне қояды. Күншығыс елінде қайтыс болған бабаларының жаны мысықтарға ауады деген сенім бүгінгі күнге дейін сақталған. Орыс халқы жаңа үйге қоныстанбас бұрын үйіне әуелі мысықты кіргізген. Мысық үйді жаман күштерден тазартады, олар адам көзіне көріне бермейтін тылсым дүниені көріп, сол дүниемен байланыс орнататынына сенген. Ғылыми тілмен айтқанда мысық үйдегі теріс энергиясы көп жерді арнайы таңдап алып, жағымсыз қуатты әлсірететін көрінеді. Бұл қасиеттердің барлығы да мысық болмысының құпиялығын арттыра түсіретіні рас. Осы уақытқа дейін мысық тышқан аулау үшін жаратылған деп ойлап келгеніміз даусыз. Алайда өзі мекендеген баспананы жамандықтан тазартып, ондағы тыныштық пен берекені сақтау негізгі міндеті екеніне ғалымдар бізді иландыруда. Осы сынды теорияның қаншалықты шындыққа жанасатынын білу мақсатында заманауи ғалымдардың зерттеу жұмыстарына үңілсек.
Қ.СЕЙДОЛЛАҰЛЫ.
(Жалғасы бар).