“Мұңмен алысқан адам”

Кешегі   сұрқия  заманда тағдыр тәлкегімен  туған  елінен  амалсыз  ауып  кеткен  қазақтар  аз  ба? Қандай   көрікті,  бай,   аты  аңызға айналған  атақты  елде  тұрсаң  да,  бар  керегің   табылып   бақуат ғұмыр  кешсең  де,  туған  жеріңе, еліңе  ештеңе  жетпейді.  Туған ел,  туған  жер  ұмытылмайды.мұңмен алысқан
Жазушы,  драматург   Жолтай  Әлмештің бұл  туындысының  басты  кейіпкері   Асан   қарт  та   қазақ  жерінен  бас  сауғалап  көшкен  ауқатты  әулеттің  ұрпағы.  Жағдайы  жақсы,  бала-шағасы  бар.  Не  ішем,  не  кием   демейді.  Алайда   алыста  қалған   ата  мекені  аңсатып,  үнемі    сағыныш   құшағында күн   кешу   қажытқан. Жатса  да,   тұрса  да  ойлайтыны  елі.   Бар   арманы – туған   жерге    табанын  тигізіп,  ауасын  жұту, топырағын  сүю…  Мәңгіге   құшағында   қалу… 
Драмада  кешегі  кеңестік   кезеңде  лажсыз  туған  жерді  тастап,  жер  ауып  кеткен мыңдаған  көңілі  жаралы  қаңдастарымыз отбасының  туған   жерді  аңсаған   жан күйзелісі,  ішкі   шері  бір  отбасы  тағдыры   арқылы    көрсетіледі.
Оқиға   Францияда   басталып,    Түркістан  қаласында  аяқталады.
 
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓