«Дастарқанның» ақ батасы

Дастарқаның бай болсын,
Қазан-ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын,
Көңілің толып жай болсын.
Құлындаған тай болсын!
Ұлың ұяға қонсын
Қызың бақытты болсын!
Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал-басың.
Қыдыр болсын жолдасың,
Досыңнан көңлің қалмасын.
Жағаңнан дұшпан алмасын,
Қастық қылған оңбасын.
Әруақтар қолдасын!
Дастарқан байлығын берсін,
Деніңнің саулығын берсін!
Әумин!
 
* * * * * *
Шайың қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын.
Несібең таса берсін,
Дұшпаның қаша берсін
Құдайым ұзақ ғұмыр жаза берсін!
 
* * * * * *
Пышағың малдан кетпесін,
Қазаның оттан түспесін
Маңдайға біткен ырысың
Босағадан кетпесін
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓