Мөлдіреген жанарың
Көздің көру қабілетін арттыру үшін балық тағамдарын, сәбіз, қызанақ пен қара жидекті жиі жеу керек. Компьютерде жұмыс істеген кезде әрбір 15-20 минут сайын көзді демалдырған дұрыс.
Теледидар, компьютер, телефон көзге артық күш салады. Үш жасқа дейінгі балалардың теледидарды көрмегені дұрыс. 12-14 жасар жеткіншектер 45 минут, 15-17 жастағылар әрбір сағат сайын үзіліс жасағаны жөн.
Түнгі сағат он мен таңғы үш аралығында көзде бөлінетін гормондар болады. Телефоннан түскен жарық гормондарға кедергі келтіреді. Нәтижесінде, ұйқы қашып, жүйке шаршайды. Сондықтан осы уақыт аралығында телефонды пайдаланбаған жөн.
Көзді жиі-жиі жыпылықтатып, қабақты жоғары керіп, таңғалғандай түр таныту. Сосын екі алақанды қатты ысқылаймыз. Көз ұясын саусақ ұштарымен айналдыра уқалаймыз. Алақанмен көзді жұмып, сағат тілінің бағытымен айналдырамыз. Бұл әдісті балалар да, ата-аналар да жасай алады.
Балаға 6-7 жасқа дейін телефонды мүлдем бермеген дұрыс. Өйткені, бүлдіршіннің көру жүйесі толық дамып үлгермейді. Электромагниттік толқындар, жақыннан көрсетілген суреттер, жарық сәуле көзге күш түсіріп, дамуын тежейді.