Қабатовтың қалжыңдары

Күлкі адам баласының жасын ұзартады дейді. Олай болса кезекті әзілдерімізді оқып, сіздердің де өмірлеріңіз ұзара түссін  деп  тілейміз!..
*   *   *
Шал мен кемпірдің жаңа түскен келіні есік алдын сыпырмайды екен. Шал мен кемпір өзара келісіп, екеуміз таласайық сен "мен сыпырамын" де, мен "жоқ мен сыпырамын" дейін мүмкін келін ұялғаннан мен сыпырамын дейтін шығар депті. Сөйтіп  шал мен кемпір сыпырғыны алып таласа бастапты. Мұны көрген келіні келіп "не болды неге таласып жатырсыздар, бір күн сіз сыпырыңыз, бір күн енем сыпырсын" деген екен.2066
*   *   *
Әкім жыңдыханаға келіп тексеру жүргізіп жатыр екен. Жындыхана бастығы: – Міне әкім аға, мынау біздің жындылар, тәулігіне 3 рет жақсы тамақ береміз. Жылу бар, су бәрі-бәрі жақсы, – деп мақтап жатса, әкім жаман жақтарын да байқап қояды да: – Анау не? Неге ана жерден су тамшылап тұр, мынау жер неге лас. Ей, мен жатқанда мұндай емес еді ғой мына жер, – деп айғай салыпты.
*   *   *
– Қарындас атыңыз кім болады?
– Сюзи.
Толығырақ айтқанда ше?!
– Сюзанна
Одан да толығырақ?!
– Сақыпжамал! Көңілің көншіді  ме…
*    *    *
Масаға ұқсайтын сырға сатып алған едім, бүгін құлақ тұсынан екі рет шапалақ жедім.
*   *   *
Бір күні бір кісінің жылқысы өлейін деп жатыр екен. Сөйтіп әйелі  "малымыз арам өлмесін сояйық" депті. Мұны естіп қойған қошқар  жылқыға келіп "иеміз сені сояйын деп жатыр, қисалаңдамай тік тұр" деген екен.  Қораға иесі кіріп келсе жылқысы сап-сау, тіп-тік тұрады. Қатты қуанған иесі қошқарды сойып тастапты.
*   *   *
Алтын балыққа армандарымды айтқан едім: "Мені қуырып, үстіне кетчуп жағып жей сал" деді.
*   *   *
– Азамат есігіңізді ашыңыз
– Кім бұл:
– Полиция!!
– Үйде ешкім жоқ,,
– Жарық жанып тұр ғой!
– Қазір өшірем.
*   *   *
Бірде барлық енелер мінген кеме суға батып жатады. Мұны көрген келіндер қуаныштан айқайлап, бас орамалдарын аспанға атқан екен. Сонда бір келіншек еңкілдеп жылап тұрады. Одан жұрт, "неге жылап тұрсың? Қайта қуанбайсың ба?" десе ол, енем үйде қалып қойды деген екен.
*   *   *
– Менің күйеуім біз үйленгеннен кейін бір айдан соң қайтыс болды.
– Жарықтық, көп азап тартпаған екен…
*   *   *
Бір күні жас жұбайлар ұрысып қалады. Сөйтіп, бір-бірімен сөйлеспей, тек қағазбен ғана хат жазысып жүреді. Бір күні күйеуі "мені таңертең 6-да оятып жіберші" деп қағазға жазады да, өзі жатып қалады. Таңертең тұрса сағат 9 болыпты, қасында  "тұр сағат 6 болды" деген тілдей хат жатыр екен.
*   *   *
– Қарындас, атыңыз кім?
-– Борангүл
– Ал менің атым  Дауылбай, екеуміз қосылсақ "ураган" болады екенбіз ғой, иә..
*   *   * 
Байқаусызда балғаменен қолыңызды ұрып алсаңыз, тіл байлығыңыздың қай деңгейде екендігін біле аласыз…
***
Нағыз қазақтардың  диалогы:
– Үйде кім бар?
– Ешкім жоқ, өзіміз!
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓