Жүз жылдар аралығымен

Міржақып Дулатов атындағы техникалық-­экономикалық колледжінің студенттерімен қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи калейдоскоп іс-шарасы өткізілді.
  Биыл, 2015 жылы, Қазақстан Республикасы атаулы күн «Қазақ хандығының 550 жылдығын» тойланатынын айта келіп,  Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Тарихтың өткенін білмей, болашақты болжау мүмкін емес» деген дана сөзінен үзінді келтірілді.2-ФОТО-ХАНСТВО-550 лет
Студенттерге «Ерден атаның әңгімелері» және «Абылай хан» бейнебаяндары көрсетілді. Олар тек қана тарих беттеріне үңіліп қана қоймай,  сонымен қатар екі топқа: «Тәуке хан» және «Абылай хан» топтарына бөлініп, тарих ойынын ойнады. Әрбір топ қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ұпайларын алды.
Ең қызықты тапсырма «Егер мен хан болсам» тақырыбына жазылған эссе болды. Студенттер өзара талқылап, әркім өз жауаптарын, өз пікірлерін, ойларын айтып, тиісті ұпайларын жеңіп алды. Жеңген топ марапатталды.
КИнЭУ-дің оқытушылары Бәкір Марғұлан мен Хусаинова Гүлнәр қолдауларымен осы «Западный» кітапханасының іс-шарасы жақсы деңгейде өтті. Келешек ұрпақ өз елінің тарихын білу үшін, біз  оларға патриоттық тәрбие беруге міндеттіміз. Әрине, оқытушылар осының бәрін түсініп, кітапханашыларды әрқашан қолдайтындарына өте ризамын. 
Мариям ИМАҚАНОВА,
«Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ
«Западный» қалалық кітапханасының кітапханашысы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓