Қазақ тілін оқытуда

Еліміздің әр аймағында корей орталықтары бар. Олардың бәрі Қазақстан корейлерінің қауымдастығына қарайды. Қауымдастықтың негізгі кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Дәл осы қауымдастық қазақ тілінің курсын әзірлеп шығарды. Қазіргі уақытта республикамыздың барлық аймағындағы корей бірлестіктерінің мүшелері мемлекеттік тілді меңгеруде.
Курстың бірінші деңгейінде қазақ тілінде ауызша сөйлеуді үйретеді. Базалық білім береді. Алғашқы кезеңде сөздерді жаттауға мән берілсе, екінші деңгейі күрделене түседі. Екінші кезеңде сөйлем құрауды үйретеді. Бұл деңгейді меңгерген қатысушы қазақ тілінің грамматикасын оқуды бастайды. Корей және қазақ тілдерінің грамматикасында ұқсастықтар да бар. Екі тілде де етістік сөйлемнің соңында орналасады. Курс еліміздің барлық облыстарында әлдеқашан басталған. Қостанай облысынан алты қатысушы оқып жатыр. Сабақ ақылы, айына бес мың теңге төлеу керек.
– Курстың мақсаты – корей ұлтының өкілдері арасында қазақ тілінің сауаттылығын арттыру. Кішкентай бала сөйлеуді алғаш үйренген сәтте ол ешқандай грамматиканы, ережені білмейді. Ата-анасының, айналасындағы адамдардың айтқан сөздерін қайталайды. Сол сияқты, курста оқытушы диалогты оқиды. Біз оны тыңдап, жаттап алып қайталаймыз. Сабақ онлайн режимде өтуде. Аудиофайлдарды жүктеп алып, бос уақытымызда қайталаймыз. Үй тапсырмасы да беріледі. Қателіктерімізді оқытушы түзетіп отырады. Мен өзім де осы курсты оқып жатырмын. Менің сөздік қорым мол екен. Өзім де таңмын. Бірақ, мен қазақ тіліндегі сөздерді айтқанда екпін қоюдан қателік жібереді екенмін. Мінекей, сондықтан қазір дұрыс екпін қоюды үйренудемін, – деді Қостанай облысындағы корей этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Ульяна Ким.
Оқушылар мектепте қазақ тілін он бір жыл оқиды. Бірақ бәрі бірдей қазақша сөйлемейді. Себебі, "сөзді қате айтып қалуым мүмкін, тілім келмей қалса ұят болар", – деп қысылады. Бұл курс адамның қысылу, ұялу, жасқану сезімімен күресу мақсатында қолға алыныпты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓