Бұлақ көрсең, көзін аш!
Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл – тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, көшеттер отырғызылған. «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Бір тал ексең, он тал ек!» деген аталы сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз – достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі.
Бұл күні әркім өз үйін әшекейлейді, көше, ауыл алуан түске безендіріледі. Төрге құрақ көрпе төселеді, қабырғаларға кілем жайылады. Мәселен, қазақта құрақ көрпеге періште қонады деген ұғым бар. Құрақ көрпенің шаршап келіп отырған кісіні түлететін қасиеті бар екен.