Өскелең ұрпақ тәрбиесі

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы орта білім ордаларында да аталып өтуде. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балалар мектеп-интернатында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында мерекелік іс-шара өтті. Әр сынып оқушылары елімізде тұрып жатқан ұлт өкілдерінің бірінің ұлттық тағамдарын әзірлеп, киімдерін киді.IMG_9159

Оқушылардың бұл мерекелік шараға зор ынтамен дайындалғандары көрініп-ақ тұрды. Жайылған дастархандарғы сан түрлі тағамдар көз жауын алып, тіл үйіреді. Ал сахнадағы ұлттардың салт-дәстүрін бейнелейтін шынайы көріністер көрермен көңілінен шықты.IMG_9190

Ел болашағы осы жасөспірімдерде. Оларды бүгіннен бастап әр ұлттың салт-дәстүріне, тілі мен дініне құрметпен қарауға, ұлттар арасындағы татулықты сақтау –   мемлекеттегі берекенің белгісі екендігін жеткізу басты мақсат. Сондықтан мұндай іс-шараның өскелең ұрпақ тәрбиесіне берері мол дейді ұстаздар қауымы.

Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓