Білгенге – маржан

Жыл басында:
Жыл басында Нұр жауған түн – Қызыр түн.
Жыл басының алғашқы суы – Қарғын.
Жыл басының қары – Ақша қар, Құс қанаты.
Жыл басының алғашқы күні – Ұлыстың ұлы күні.
Жыл басының алғашқы желі – жыл айналып жеткен Алтынкүрек.
Жыл басының алғашқы төлі –Дүбір аяқ.
Жыл басының бірінші сүті – Уыз.
Жыл басының бірінші құсы – Жылқышы торғай, Нәуірізек.
Жыл басының бірінші көгі – Бәйшешек, Наурызшешек.
Жыл басының бірінші асы – Наурыз көже.
Жыл басының бірінші тілегі – Ауызды ақтан айырмасын, қызылды уақтылы көрсетсін!
Жыл басының бірінші құттықтау сөзі – Жасың құтты болсын!
Жыл басының бірінші белгісі – Көрісу
Жыл басының бірінші сәлемі : Ұлыс бақты болсын!Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін! Пәле-жала жерге енсін!
Жыл басының бірінші нысаны – Самалық айту
Жыл басының бірінші сый тағамы – «Ұйқыашар»
Жыл басының алғашқы сыйлықтары – «Діреткізер», «Селтеткізер»

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓