«Нұр себеле, әз-Наурыз!»
Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің мерекесі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын биыл арқалықтықтар он күн қатарынан ұлттық салт – дәстүрді насихаттап, атаулы әр күнді жоғары деңгейде атап өтті. Мекемелер мен ұжымдарда кең көлемде аталып өтілген Наурыз мейрамы қаладағы облыстық қазақ жасөспірімдер театрында «Нұр себеле, әз – Наурыз!» атты мерекелік шарамен жалғасын тапты.
Ұлттық нақышта безендірілген театры фоесінде қала жұртшылығына «Наурыз көже» құйылып, ақ бауырсақ пен палау тегін таратылды.


Сахналандырылған қойылымда Қызыр баба батасын беріп, дәстүрлі шашу шашылды. Салтанатты шақта қала жұртшылығы мен қонақтарын қала әкімі Әмірхан Асанов, «Арқалық – көмір» ЖШС бас директоры Сағидолла Аяп, еңбек ардагері Талғат Ерғалиев құттықтады.




Мерекелік концертте «Ақбота» халық би ансамблі және жекелеген өнерпаздар көптеп өнер көрсетті.




Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген автор