«Менің Елім – Мәңгілік Ел»

Қазақстан халқы ассамблеясының Қостанайдағы орталығының ұйымдастыруымен  «Менің Елім – Мәңгілік Ел» атты онкүндік басталды. Бүгін Л. Толстой атындағы облыстық кітапханада ашылу салтанаты өтті.IMG_8847
–                     Көп ұлтты Қазақстан халқы береке бірлікте өмір сүруде. Қазіргі жаһанда болып жатқан саяси құйтырқыларға қарамастан біздің елдің шаңырағы шайқалмай, тыныштық орнаған. Бұл Елбасымыздың салиқалы саясатының жемісі. Осыдан 20 жыл бұрын ҚР Президенті  Қазақстан халқы ассамблеясын құрып, ұлт пен ұлыстардың басын қосты. Бұл ТМД елдеріне жоқ бірегей институт – деп сөз бастады «Достық үйі» жетекшісінің орынбасар, облыстық Қазақстан халық ассамблеясының ғылыми-эксперттік топтың мүшесі Алпыс Қожахметов.IMG_8800
Шара барысында «Кітап – достықтың кепілі» атты  көрме  ашылды. Елімізде тұрып жатқан әр ұлт өкілі  әдебиетінің бірегей туындылары көрменің көркін келтіріп тұр. Өзге ұлттың мәдениеті пен әдебиетіне қызуғышы оқырман өз талғамына қарай кітап таба алады. Сонымен қатар  әр ұлттың  қолөнер бұйымдары  көрмені тамашалауға келген қауым назарына ұсынылып отыр.IMG_8819
Алдағы күндері іс-шара  аясында «Толеранттылық пен ұлтаралық келісім – мемлекет тұрақтылығының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Ұлтаралық және дінаралық қатынастарда ұстамдылық таныту мәселесі әңгіме өзегіне айналмақ.IMG_8838
Он күн ішінде «Ен-Коди» кәрістер этномәдени бірлестігінің өкілдері кездесу ұйымдастырмақ. Сонымен қатар «Ассамблея – татулықтың түп қазығы» атты кездесуде «Асаба» ұлттық мәдени орталығының президенті Қанатбек Беделбеков Ассамблеяның тарихы мен өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстары туралы әңгімелемек.
Көркем фильм көрем деушілерге кинолекторий өткізу де онкүндіктің жоспарына енгізілген іс-шаралардың бірі. Көрермендерге әр түрлі жанрлардағы қазақ, орыс және басқа ұлттар киносының классикасы, қазіргі заманғы фильмдер көрсетілмек.  IMG_8798
Дүниежүзілік поэзия күні қарсаңында облыстық кітапханада Ресейдің Челябі қаласының «Вдохновение» әдеби студиясының мүшелері және Челябі облысы жазушыларының әдеби қауымдастығы өкілдерімен кездесу өтеді. Бүгінгі күнгі поэзия ақындар кездесуіне арқау болып отыр. Бұл да болса ұлттар арасындағы ғана емес, екі ел арасындағы татулықтың, достықтың белгісі.
 
Махаббат Бекбай
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓