Жастар қолдау көрсетті


Қостанайдың орталығындағы Әл-Фараби даңғылы мен Алтынсарин көшесі қиылысындағы ашық алаңқайда дүйім жастар жиналып, әр ұлттың әуенін сай сол ұлт пен ұлыстың биін билеп, патриоттық әндер орындады.

Бұл тамаша жобаға мұрындық болған «Ел ертеңі» жастар қоғамдық бірлестігі алдағы уақытта да бұқара халықтың басын қосып, осы дағдымен бірнеше игі істерді атқаратынын жеткізді.
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.