Балалар назары – ерекше акцияда
Қостанай қаласы күні полицейлер «Назар аударыңыз – балалар» акциясын өткізді. Блогерлер мен және жол қозғалысының жас инспекторларымен бірге жол қозғалысы ережелерімен таныстырып, еске салды.
-Біздің міндетіміз – балалар жарақатының алдын алу. Жаңа оқу жылы қарсаңында біз балалар мен ересектерге жолдағы қауіпсіз қозғалыс туралы еске саламыз, оларды тұрақты тұратын және оқитын жерлердегі көлік ортасына бейімдейміз, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков.
Акция барысында полиция қызметкерлері мен №21 мектептің жол қозғалысының жас инспекторлары жол қозғалысының кішкентай қатысушыларына арналған әңгімелер, танымдық ойындар, сайыстар мен викториналар өткізді.
-Біз сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін шарлар, балмұздақ таратудамыз. Жолдан қалай дұрыс және бағдаршамның қандай жарығына өту керек? Велосипедшілер қалай қозғалуы тиіс? Жол жиегімен жүруге болады ма? Оларды барлығы қызықтырды, – дейді жол қозғалысының жас инспекторы Алиса Головащенко.
Кең аудиторияны барынша қамту үшін блогерлер шақырылғанын айта кеткен жөн. Instagram-да танымал әрі қызықты парақшаға ие Вера Мадиева балалардың аса байқампаз екендігіне және ақпаратты тез сіңіретініне сенімді. Оның пікірінше, бұл балалар арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алудың ең тиімді әдісі.
-Полицейлер балаларды жол ережелеріне баулыса, ал аниматорлар үлкендерге де, балаларға да мерекелік көңіл-күй сыйлады. Барлығы да қуанышты! Біз жарқын және ұмытылмас эмоцияларға ие болдық, – деді Қостанай қаласының тұрғыны Ксения Машинистова.
Іс-шара барысында полицейлер мен жас қозғалыс инспекторлары негізгі ЖҚЕ бар буклеттер мен жадынамалар таратты, ал жүргізушілердің назарын аудару үшін жарық шағылыстырғыш элементтер таратты.
Айта кету керек, балаларды жол жүрісі қауіпсіздігіне және жолда жүру дағдыларына оқыту бойынша сабақтар тұрақты негізде жүргізілетін болады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ