COVID-19: +8

26 тамызда Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 8 адам жұқтырған. 
Қостанай қаласында 3 адам, Лисаковта 2 тұрғын дертке шалдыққан. Сарыкөл ауданында 2 адам, Әулиекөл ауданында 1 адам сырақаттанып қалды. Сондай-ақ, Денисов аудандарында 1 пациент тіркелді. 
Емделушілер өздігінен медициналық көмекке жүгінген, сондай-ақ тамақ ауруы, әлсіздік белгілері, дене қызуына шағымданып, профилактикалық мақсатта тексерілді. ПТР зерттеулері олардың аталмыш дерт жұқтырғанын көрсетті. 
Эпидемиологиялық тексеріс және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Сонымен қатар, «Емдеуге жатқызу бюросы» АЖ жедел деректері бойынша, 2020 жылғы 26 тамызда Қостанай облысында пневмония диагнозымен 2 адам ауруханаға жатқызылған.
2020 жылғы 26 тамыздағы мәліметтерге сүйенсек, COVID-19  жұқтырғандар саны 3373-ке жеткен. 2793 адам сауығып шықты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓