Болашақ бүгіннен басталады
Бүгін, 11 наурызда, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшысы, партия көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІ Съезі болып өтті.
Партияның кезекті Съезінің жұмысына 2000-ға жуық адам қатысты. Олардың ішінде өңірлік конференцияларда сайланған 1200-нан астам делегат- ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.
Съезд делегаттарының 20%-ға жуығы түрлі бастауыш партия ұйымдарының басшылары.
Алқалы жиынның күн тәртібіне «Нұр Отан» партиясының атынан ҚР Президентіне үміткерді ұсыну, партияның Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-тексеру комиссиясының есептік мерзімдегі жұмысының қорытындысы және партияның саяси кеңесі мен Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясы мүшелерін сайлау тәрізді үш мәселе енгізілді.
Партия доктринасында: «Нұр Отан» – халықтық партия. Бізге ел тағдыры үшін жауапкершілік жүктелген. Партиямыз өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келді»,- делінген.
Үш жылдың ішінде партияның сайлауалды уәделері табысты жүзеге асты. Мәселен, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету 50,3%-ға орындалды. Бүгінде барлық елді мекендер ұялы байланыс қызметімен қатамасыз етілген.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы тұрғындардың барлық топтарын – жастарды, әйелдер мен балаларды, кәсіпкерлерді, ауыл тұрғындарын қамтыған 12 жобаны іске асыруда.
-Осындай еңселі жобалардың бірі – «Біздің ауыл». Ол ауылдық жерлердегі халықтың өмір сапасын арттыру мен тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған. Айталық, жоба аясында біз 9 мың акция мен сенбілік өткіздік. 2 мыңнан аса ауладағы балалар және спорт алаңқайларын жөндеп, қалпына келтірдік. 3 млн-нан. астам ағаш отырғызып, 12 мыңға жуық әлеуметтік нысандарға жөндеу жүргіздік,-дейді Ұзынкөл ауданынан сайланған делегат, қарапайым механизатор Азамат Әмірғалиев.
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суретте: Сьезд делагаты Азамат Әмірғалиев.