8 жасар қызды автобус басып кетті

Мереке күні «Рено Меган» авто көлігімен келе жатқан 27 жасар Рудный қаласының тұрғыны бағдаршамның қызыл түсінде қозғалысын жалғастырып, жаяу жүргінші жолағында адам соғып кеткен. Алған жарақатынан ер азамат есін жимастан  көз жұмған. Оны көрген жүргізуші сол жерден дереу табанын жалтыратқан.девочка
Бірақ, тәртіп сақшыларына қылмыскерді іздеудің қажет болған жоқ. Тәртіп бұзушы өз қылмысын мойындап, келесі күні-ақ Рудный қаласының ІІБ келген. Бүгінгі күні бұл дерек бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде.
         9 наурыз күні Қостанай ауданының Затобол кентінде маршруттық автобус жүргізушісі 8 жасар қыз баланы басып кетті. Көптеген жарақаттар алған жас жеткіншек аурухана жеткізілген. Жол көлік оқиғасына айыпты  жүргізуші тұтқындалды.
         Қостанай облысы бойынша ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері облыс бойынша 44 жол көлік оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 5 адам қайтыс болып, 42 жерлесіміз әр түрлі жарақат алған.
 
Махаббат Бекбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓