Су тасқынынан қауіп жоқ

Көктем келісімен жер-дүние бусанып, қар көбесі сөгіледі. Осы мезгілде су тасу қаупі туындайды. Табиғаттың тосын құбылысына облыстық төтенше жағдайлар департаменті  дайын отыр. Бұл туралы облыстық баспасөз клубындағы брифингте айтылды.IMG_1169
Төтенше жағдайдың болуын алдын ала болжау мүмкін емес. Десек те, облыстағы ТЖД мамандары биыл өңірде көктемгі су тасқыны болмайды деп отыр. «Апат айтып келмейді» деген бар емес пе. Сондықтан аталған ведомства өкілдері апатты жағдай бола қалса, зардап шеккендерге көмек беруге сақадай сай дайын. 
Көпжылғы зерттеулердің нәтижесі бойынша, облыстың оңтүстік аудандардағы Торғай, Қараторғай, Сарыторғай, Қабырға, Ұлы Жыланшық өзендерінде және орталық-батыс аудандардағы Желқуар, Тобыл, Аят өздендерінде, солтүстік аудандардағы Тоғызақ өзенінде су тасқынының қаупі бар. Аталған аймақтар облыстық ТЖД-ның бақылауында. Өңірдегі көктемгі су тасқынының алдын алуға биыл 27 млн.теңгеден астам қаржы бөлінді.  паводки
Биыл Таран ауданы, Майский ауылындағы Аят өзені және Әулиекөл ауданы, Көктал ауылындағы Теректі өзенінде мұз жару жұмыстары жоспарлануда. Наурыз айының 12-13-інде «Көктем-2015» оқу-жаттығуы ұйымдастырылады. Аталған іс-шарада қосатанайлық құтқарушылардың кәсіби біліктіліктері мен дайындықтары байқалмақ. 
-Өңіріміздің аумағында 112  және 101 телефон желілері күндіз-түні жұмыс істейді. Аталған телефон желілері тұрғындардың бәріне қолжетімді. Бір де бір азаматтың қоңырауы жауапсыз қалмайды,-деді  Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Талғат Кәкімов.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓