Жауынгерлерді еске алды

Ауғанстан соғысы 1979 жылғы 25 желтоқсаннан басталып, 1989 жылы  15 ақпанында аяқталды. Аталған соғысқа өзге одақтас елдермен бірге 22 мың қазақстандық қатысты. Жұмбағы мол ауған соғысына Қостанай облысынан  1864 адам  қатысқан. Соның 44-і ұрыс даласында мерт болып, 2 адам із-түссіз жоғалып кетті. Аманкелді ауданының  азаматтары да өз қатарларымен бірге ауган 1Ауғанстан соғысына қатысты. Олар – Ағатанов Елебек, Қыдырбеков Нұрмұханбет, Исмайлов Хамитбек, Нұрқанов Іскендербек, Байниязов Абылай, Ибраев Бақыт. Осы аталған ағаларымыз жүктелген әскери міндеттерін абыроймен атқарды. Туған жерге оралмаған азаматтар қаншама. Әскери міндетін адал орындап қаза тапқан жерлес жауынгерлерді жыл сайын еске алып отырамыз. Еліміздің ерлерін естен шығармау біздің басты борышымыз. Ауған соғысы құрбандарының құрметіне орай А.Иманов атындағы Аманкелді  мемориалдық  мұражайының  қызметкерлері көрме ұйымдастырды. Мектеп оқушыларына "Ауған соғысының саңлақ жауынгерлері" тақырыбында  дәріс оқыды.
 
Жалғас Досбергенов,
А.Иманов атындағы Аманкелді мемориалдық мұражайының ғылыми қызметкері.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓