Мен атаммен мақтанамын
Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 76 жыл толып отыр. Соғыс кезінде ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан алынған 3,5 мың адам болса, солардың бірі – менің ұлы нағашы атам Сарымсақов Мұқанбетқали. Әжем әкесінің Ұлы Отан соғысында Беларусь майданында алғы шептерде болғанын, ерен еңбектерін жиі айтып отыратын. Атам Сарымсақов Мұқанбетқали 1914 жылы Жанкелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округінде дүниеге келген. Майданға 1941 жылы күзде алынып, Шұбаркөлде дайындықтан өткен. Негізінен Беларусь майданында соғысқан. 1944 жылы ауыр жараланып, Москва госпиталінде емделіп, 1945 жылы елге қайтқан. Бейбіт уақытта әуелі ұжымшарда, кейін КПСС XXI–ші съезі атындағы кеңшарда малшы болды. Жеңістің, Қарулы күштердің айтулы жылдарында мерекелік наградалармен марапатталған. Жұбайы Мүгілсім әжем екеуі сегіз бала тәрбиелеп өсірген. Қазіргі таңда атамның ұрпақтары Нұр-Сұлтан, Қостанай, Державин қалаларында тұрады. Осы кісіден тараған немерелерінің бірі Еуропада білім нәрімен сусындап, бірі Корея елінде жұмыс жасап, Ұлы батыр ата ұрпағы жүріп жатқан жайы бар. Әжемнің атам жайлы айтқан ерліктері менің есімде мәңгілікке орын тапты. Ол кісінің осы бүгінгі Жеңіс күніне жете алмауы, соғыстың денсаулығына салған ақтаңдақтары. Атамыз 1993 жылы 28 ақпанда дүниеден озды.
Қазір біз болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұрпақ бұл азаттықтың қалай келгенін әрине біледі. Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шынымен де бақыттымыз. Бұл тәуелсіздік менің Отаныма берілген тәңірдің сыйы. Аналар да, балалар да жыламасын, даламыз жұтамасын. Ұланғайыр кең даламды соғыс өрті шарпымасын. Бұл әрине, барлық адам баласының арман-тілегі. Бейбітшілік жасасын!
Нұрислам Кәдірхан,
№28 мектеп-гимназиясының оқушысы.
Қостанай қаласы.