Келешегін көркейткен

Елімізде "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының жүзеге асқанына төрт жылдың жүзі болды. Осы жылдар ішінде қаншама қазақстандық несиеге қол жеткізіп, өз ісін ашуға мүмкіндік алды. Заман көшіне ілесіп, мамандығын өзгертіп, курстар оқыды. Осының арқасында өмірге икемделіп, жұмыс тапты. Мұндай үдеріс Науырзым ауданында да байқалады.  DSCN8151
Бүгінде жұмысты маған кім берер екен дейтін заман емес. "Екі қолға бір күрек" дегендер талпынып жатыр. Талпынғандар мемлекет берген мүмкіндікті уақытылы пайдаланып, жұмыс табуда. Жұмыссыздардың қатарын  азайту,  кәсіптік  оқыту арқылы жұмысқа орналастыру "Жұмыспен қамту – 2020" бағдарламасының басты мақсаты. Тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы  халықтың  табыс  деңгейін арттыруды көздеген бағдарламаның мүмкіндігі мол. Бағдарлама аясында сұранысқа ие мамандықтарға оқытуға бар жағдай жасалған. Бұл бағдарлама аудан орталығында жылма-жыл өз жалғасын тауып, жемісін беріп келеді.
Осы жолдан өзінің келешегін көркейткен жанның бірі – Нұрсұлтан Нұрғали. Ол Қожа ауылының тұрғыны. Мектеп бітірген соң оқуға түсе алмады. Бір жылдай бос жүрді. Жас жігітті осы жайы ойландыратын. Болашағын ойлаған жас аудан орталығындағы жұмыспен қамту орталығына барды. Мемлекет тарапынан ұсынылған мүмкіндікті пайдаланбақ ниетте екенін білдірді де, қажетті құжаттарын жинап, тапсырды. Бағдарлама  арқылы былтырғы жылы мал дәрігері мамандығын алып шықты. Қазіргі уақытта  Қожа ауылында мал дәрігері қызметін атқарып жүр.
– Өмірімнің аяқ асты өзгергені қуантады. Бұрындары мен мал дәрігері мамандығы бойынша білім алуды ойламадым да. Ал, қазір бұл мамандықтың заман талабына сай әрі қажетті   екенін түсіндім. Осы мамандығым бойынша келешекте жоғары білім алуды да ойлап жүрмін, – дейді Нұрсұлтан Нұрғали.
 Осылайша  жолы  болып,   берілген мүмкіндікті пайдаланған жас маманның әлі де жоспарлары көп. Бұл өзге де жастарға үлгі боларлық жағдай емес пе.
Үстіміздегі жылы да оқу курсы жалғасын таппақ.
– Биыл газэлектр дәнекерлеу-ші, аспаз мамандықтары бойынша 2 адамды қайта даярлау курс-тарына жібереміз деп жоспарлап отырмыз. Курс аяқталған  соң тұрақты жұмысқа орналастырамыз. Бүгінгі күні жеке аудан кө-леміндегі кәсіпкерлермен жұ-мысқа орналастыру келісім шарттары жасалуда, – дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлжанат Тазибекова.
 
Айтолқын         АЙҚАДАМОВА
Науырзым ауданы.
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓