Жауынгердің сүйегі әкелінді
Бүгін Қостанайдағы Жеңіс саябағында Екінші дүниежүзілік соғыстың жауынгері Петр Абрамович Фоменконың сүйегі туыстарына тапсырылды.
Петр Абрамович Фоменко 1942 жылы Ленинградты қорғау кезінде қайтыс болған.
Ресейдің "Святой Георгий" іздеу тобы соғыста қаза тапқан солдаттың сүйегін Невадан тапты.
"Ол жерден Қазақстаннан үш сарбаздың сүйегі табылды. Олардың арасында біздің жерлесіміз, Алтынсарин ауданының (Зуев кенті) тумасы Петр Фоменко да бар. Біз Отан үшін өмірін қиған әрбір сарбаздың жерленуінің маңызын түсінеміз. Жадын қалпына келтіруге, ұрпақтар арасындағы байланысқа өз үлесін қосып, іздеу жұмыстарын жалғастырып жүргендерге алғыс айтқым келеді», – дейді Алтынсарин ауданының әкімі Арнұр Сартов.
Жеңіс саябағында сарбаздың туыстары мен жақындары жиналды. Олардың арасында батырдың жиені Зоя Родионова да болды.
"Осы іс-шараны ұйымдастырушыларға мың алғыс. Петя ағай – анамның туған ағасы. Мен оны майданға шығарып салдым. Ол кезде екі жасар кішкентай қыз едім. Туыстарымыздың айтуынша, ағам мектеп мұғалім болып жұмыс істеген. Оның қалай және қайда қайтыс болғанын біз білмедік. Соғыстан кейінгі жылдары анасы күн сайын "Петя кездесіп қалар" деп жолға шығып жүретін", – дейді Зоя әжей.
Майдангердің туыстарына мәйітпен бірге әкелінген оның жеке медальоны және қайтыс болғаннан кейін берілген "Ленинградты қорғағаны үшін" медалі тапсырылды.
Сүйек Алтынсарин ауданына жерленеді.
Суреттерді түсірген Аслан ҚАНҒОЖИН