Науқан маусымға дейін бітеді
Қостанай облысында егін егу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Диқандар алқаптардың 60 пайыздан астам жеріне дән сіңірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, 2,7 млн. гектардан астам жерге егін егілді. Олардың 2,5 млн. гектары – бидай.
Егін егуге ауа райы қолайлы болып тұр. Күннің жылы болуы диқандардың тәулік бойы жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп отыр. Науқанды бірінші болып облыстың оңтүстігіндегі Аманкелді, Науырзым және Әулиекөл аудандары аяқтап келеді.
Мамандардың бағамдауынша, биыл 1 маусымға дейін егін егу жұмыстарын толық аяқтауға мүмкіндік бар.
Мамандардың бағамдауынша, биыл 1 маусымға дейін егін егу жұмыстарын толық аяқтауға мүмкіндік бар.