Жаңа учаске – жаңа мүмкіндіктер

 "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-на қарасты "Өркен" ЖШС-нің Лисаковтағы филиалында ауқымды істер қолға алынды.original-500x361
Ондағы кен орнында  жаңа  №5 тау-кен учаскесі ашылды. Жобаның жалпы құны 34,3 млн. доллар. Оның жартысынан астамын биыл игеру жоспарланған. Бұл – кәсіпорынның соңғы он жылдықтағы  ең  ірі  жобасы.  Жұмысқа кіріспес бұрын аталмыш жоба тиесілі министрліктердің мақұлдауынан өтіп, Таран ауданы мен қала округы аймағынан 400 гектар жел телімі жалға алынды. Бүгінде кәсіпорын учаскенің инфрақұрылымын салу бойынша жобаны әзірлеп жатыр. Яғни үстіміздегі жылдың ортасына қарай құрылысқа қажетті материалдар сатып алынып, қосалқы тау-кен жабдықтары әкелінбек. Мамандардың есептеуінше, мұндағы темір кенінің қоры қазіргі өндіріс көлемі бойынша 2044 жылға дейін жетеді. Кәсіпорын жаңа учаскедегі темірдің концентратын 49-дан 60 пайызға жеткізіп, фосфор құрамын екі есеге азайтуды көздеп отыр. Бұл өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттырып, жаңа нарыққа шығуына түрткі болатыны сөзсіз.
Айта кетерлігі, мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған қаладағы ең ірі кәсіпорын  былтыр 3,2 млн. тонна өнім өндіріп, жұмысшылардың орташа айлық жалақысын 120 мың теңгеге жеткізді. Жаңа учаскенің игерілуі қала экономикасының қарқынды дамуына оң әсерін тигізіп, кәсіпорынның алдында жаңа мүмкіндіктерді ашпақ.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
Рудный қаласы.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓