6 мың отандық көлік сатылады

авто кзЖеңілдетілген несиемен 6 мың отандық көліксатылады. Сәуір айының орта шенінен елімізде 4 пайызбен автонесие беріле бастайды. Мұндай игілік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жасалмақ. Осы мақсатқа мемлекеттік қазынадан 15 млрд теңге қарастырылған. Бұл бастама отандық көлік өндірісінің өрісін кеңейтуге серпін бермек. Қостанайда 2011 жылы 900 көлік шығарылса, былтыр 8 мың 500 автокөлік құрастырылған.Кәсіпорын басшыларының айтуынша, биыл мемлекет қолдауының арқасында отандық автоөндірістің тынысы ашыла түспек. «Сарыарқа автопром» серіктестігі тек жеңілдетілген несие есебінен 4,5 мың темір тұлпарды сатуды жоспарлап отыр. 
 
Шұға Аңсаған

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓