«Достықтың мекенісің, Қазақстан»

Татулық – елдің  тірегі. Татулықты ту  ету біздің бойымызға  ата-бабамыздан дарыған қасиет. Дәстүрдің  жалғастығын насихаттау бүгіннің еншісіндегі шаруа. Жуырда осының   жарқын мысалы ретінде Торғай аграрлық-техникалық колледжінде ағылшын пәнінің оқытушысы Дана Қаражігітованың ұйымдастыруымен «Достықтың  мекенісің, Қазақстан» тақырыбында мәдени іс-шара өтті.Рисунок1 Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдық мерейтойына арналған болатын. Мәдени  шараға  «Нұр Отан» партиясы  Арқалық  қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Хамзин және қарт ұстаз Жәнібек Ғапбасұлы шақырылды. Колледж студенттері қатысушыларға сұрақтар қойып, пікір алмасты. Достық  жөнінде  әндер  шырқалып, ақындардың  жыр шумақтары оқылды. Мұндай игі шаралар  оқу ордасында жалғасын таба бермек.
 
Бағила  КЕНЖЕҒАРАҚЫЗЫ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓