«Татулық, бірлік, келісім – ең асыл іс»

Қаладағы облыстық қазақ жасөспірімдер театрында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің шығармашылық концерті болып өтті. Үстіміздегі жылы жалпы еліміз болып атап өтетін шоқтықты мерейтойларға арналған өнер кешінде колледж ұжымы арнайы көрме де ұйымдастырды.DSCF8565
Сондай-ақ, биылғы жылы колледждің музыка бөліміне 35 жыл толып отыр. Шығармашыл ұжымның жылдық есеп беру концертінде колледж қабырғасында жұмыс жасайтын қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, хор ұжымы, қобызшылар, домбырашылар, әншілер мен бишілер киелі сахнаға топ-тобымен шығып, өрісті өнер көрсетті.
Еліміздегі ұлы достықтың көрінісін паш етіп, әр ұлттың әндері айтылып, билері биленді. Жүрек шымырлататын патриоттық әндер шырқалды.
Ел ертеңін тәрбиелеп, тәлімді білім беретін колледждің көшелі концертіне көрермен көптеп жиналды.
Арқалық қаласы.
 
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓